Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада құрылыс қалдықтарын заңсыз төккен 10 ұйым жауапқа тартылды

Елордада тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған республикалық "Таза Қазақстан" акциясы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қалалық полиция құрылыс нысандарында рейд жүргізіп, абаттандыру ережелерінің сақталуын бақылауда.

Құрылыс жұмыстары қаланың дамуына үлес қосады, алайда олар нормаларға сай әрі қоршаған ортаға зиян келтірмей жүргізілуі маңызды. Биылғы жылдың басынан бері абаттандыру ережелерін бұзудың 370-тен астам дерегі анықталды. Тек соңғы апта ішінде құрылыс қоқыстарын белгіленбеген жерлерге төккен 10 нысан жауапкершілікке тартылды.

Қаланың тазалығы тек қызмет көрсетуші ұйымдарға емес, әрбір тұрғынның саналы әрекетіне де байланысты. Полиция барша тұрғынды тазалықты сақтауға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру