Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада қыстыгүні велосипед ұрлаған азамат қолға түсті

Елордада қыстыгүні велосипед ұрлаған азамат қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша мен желтоқсан айларындағы статистикаға сәйкес, елордада велосипед ұрлығының 10 фактісі тіркелген. Анықталғандай, күннің суығына қарамастан ұрлық қылмысына күдікті деген азаматты Есіл ауданының полиция қызметкерлері ұстады. Атап айтқанда, кезекті велосипед ұрысын қолға түсірді.

Белгісіз жігіт түнгі уақытта Мәңгілік Ел даңғылындағы тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп, құны 105 мың теңге болатын Forward велосипедін алып кеткені анықталды. Ол 18-қабатқа көтеріліп, онда бекітілмеген велосипедті алып кеткен.

Полиция қызметкерлері кіреберістегі бейнежазбаны алып, оған сәйкес ұрлық қылмысына күдіктіні анықтаған.

Полиция қызметкерлері ұстаған СҚО-ның 22 жастағы тұрғыны кінәсін мойындап, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру