Елордада сақшылар телефон ұрлығын әшкереледі
Елордада сақшылар телефон ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қылмысты тоқтату» жедел алдын алу шарасының нәтижесінде полицейлер қаладағы хостелдердің бірінде Iphone телефонын және ақша ұрлаған 21 жастағы азаматты ұстады.
Күдіктінің хостелде жәбірленушімен бір бөлмеде тұрғаны анықталды. Арызданушының жұмысқа кеткенін пайдаланып, қылмыскер оның сөмкесінен ақшасы мен смартфонын қолды қылған. Осылайша, жәбірленушіге шамамен 400 мың теңгедей материалдық шығын әкелді.
Полиция қызметкерлері күдіктігі ұстады, алайда ол ұрланған ақшаны өз қажетіне жаратып үлгіреді, телефонды иесіне қайтарып береді.
Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады.
Қазіргі уақытта күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.