Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада сауда орталықтарынан бірнеше телефонды қолды қылған күдікті ұсталды

Елордада сауда орталықтарынан бірнеше телефонды қолды қылған күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұра ауданы криминалдық полиция қызметкерлері сауда орталықтарында болған бірнеше ұрлық дерегін ашты. 

Бірінші оқиға ірі сауда орталығында болды. 31 жастағы бұрын сотталған күдікті орталыққа сатып алушының кейпін жамылып келіп, сатушының назары басқа жаққа ауғанын пайдаланып, дүкеннен Iphone 16 Pro Max телефонын жымқырған. Осылайша, 550 мың теңгеден астам шығын келтірді.  

Екінші дерек сауда үйінің тұрмыстық тауарлар сататын дүкенінде тіркелді, күдікті дәл осындай жолмен екі телефонды ұрлап, оқиға орнынан дереу ізін суытты. Материалдық шығын 332 мыңнан астам теңгені құрайды.

Тергеу барысында күдіктінің сауда орталықтарынан шыққан бойда ұрланған телефондардың бірін сатып үлгергені, ал қалған екі телефонды тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шарасы барысында заттай айғақ ретінде тәркілегені мәлім болды. Күдікті өз кінәсін толықтай мойындады. 

Полиция тұрғындарға жеке мүліктеріне сақ болуды және күмәнді жағдай туындаған кезде жедел түрде полицияға хабарласуды ұсынады. 
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру