Елордада "SOS" түймесі арқылы дабыл берген тұрғынға полиция жедел көмек көрсетті
Елордада "SOS" түймесі арқылы дабыл берген тұрғынға полиция жедел көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылы "SOS" түймесі арқылы 37 өтініш қабылданды.
Сауда үйлерінің жанында 50 жастағы әйел денсаулығының нашарлап бара жатқанын сезіп, дереу "SOS" батырмасын басып, көмек сұраған.
Хабарлама Сарыарқа аудандық полиция басқармасына бағытталып, полиция қызметкерлері дереу әрекет етті. Жедел жүргізілген іздестіру шараларының нәтижесінде азаматшаның денсаулығы қалыпты жағдайға түсті.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қоғамдық көлікте жеке заттарына мұқият болуды ескертеді. Сонымен қатар шұғыл жағдайларда "SOS" түймесі арқылы жедел көмек шақыруға болатынын атап өтті.
