Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада супермаркеттегі ұрлық әшкереленді

Елордада супермаркеттегі ұрлық әшкереленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дүкендер желісінің күзет қызметінің өкілі қала полициясына белгісіз біреудің сауда орталығынан азық-түлік ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Бейнебақылау камераларын көргеннен кейін ұрлық жасады деген күдік расталды. Сарыарқа аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында ұрлық жасады деген күдікпен 22 жастағы елорда тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында жас жігіттің супермаркетте жүріп жалпы құны 300 мың теңгені құрайтын азық-түлік өнімдерін жасырын ұрлағаны анықталды. Төлемсіз кассадан өтіп, сауда алаңынан шығып кеткен.

Қазіргі уақытта ұрлық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қылмыскер кінәсән мойындады. Сондай-ақ, ол ұрланған мүлікті түрлі дүкендерге сатып, түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын түсіндірді.

Күдіктінің қала аумағында осыған дейін ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы тексерілуде.

Астана қаласы полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болып, дүкендерді ұрлаудан сақтану шараларының кешенін жүзеге асыруды қатаң түрде ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру