Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тәртіп сақшылары 20 мыңнан астам оқушыны қамтыған қауіпсіздік сабақтарын өткізді

Елордада тәртіп сақшылары 20 мыңнан астам оқушыны қамтыған қауіпсіздік сабақтарын өткізді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің ювеналдық полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасында жарақаттану мен судағы қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бірқатар кешенді профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары саябақтарда, скверлерде, "Есіл" өзенінің жағалауында және тұрғын үй аулаларында балалар мен ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Арнайы дайындалған жадынамалар мен парақшалар таратылып, күнделікті өмірде қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде кеңестер берілді.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаменті мен еріктілердің қатысуымен су айдындары маңында және көпқабатты үйлердегі терезелерден құлаудың алдын алу бағытында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Шомылу маусымы басталғаннан бері балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ата-аналармен және жасөспірімдермен белсенді түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда 3450-ге жуық адамды қамтыған 35 рейд ұйымдастырылды. Оның ішінде 1950-ден астамы – балалар. Сонымен қатар 3000-нан астам ақпараттық брошюра таратылып, 20 мыңнан астам оқушыны қамтыған 215 дәріс пен кездесу өткізілді.

Балалардың қауіпсіздігі – бұл тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Осындай жүйелі шаралар арқылы бала өміріне қауіп төндіретін жағдайлардың алдын алып, қауіпсіз ортаны қалыптастыруға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру