Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тәртіп сақшылары оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді

Елордада тәртіп сақшылары оқушыларға жол қауіпсіздігін түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы Астана қаласы полиция департаментінің Байқоңыр аудандық полиция басқармасының учаскелік инспекторлары мен ювеналды полиция бөлімшесінің қызметкерлері аудан аумағындағы мектептерде профилактикалық дәрістер өткізді.

Атап айтқанда, №5 мектепте оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша дәріс ұйымдастырылды. Балаларға жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі, жолда жүру мәдениеті және жол апаттарының алдын алу шаралары кеңінен түсіндірілді.

Сонымен қатар Байқоңыр ауданында орналасқан өзге білім беру ұйымдарында да "Жасөспірімдердің жол қозғалысы ережелерін сақтауы" тақырыбында профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Полицейлер оқушыларға жолда абай болу, бағдаршам мен белгілерді дұрыс пайдалану қажеттігін атап өтті.

Мұндай шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру