Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада тәртіп сақшылары жалғызбасты зейнеткерге көмектесті

Елордада тәртіп сақшылары жалғызбасты зейнеткерге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қалалық полиция департаментінің қызметкерлері жалғызбасты зейнеткердің ауласын қардан тазалауға көмектесті. Риза болған елорда тұрғыны көмекке келген полиция қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Нақтырақ айтсақ, Астана қаласы ПД арнайы және жұмылдыру даярлығы басқармасы бастығының орынбасары Айдар Жақыповтың бастамасымен басқарма жеке құрамы зейнеткердің ауласын көктемде судың астындақалу қаупін болдырмау үшін қардан тазалап берді. Сақшылар бұдан бұрын да қала тұрғынына азық-түлігін үйіне жеткізіп, қолдау білдірді.

Аталмыш басқарма қызметкерлері қоғамға қолдау көрсетугеүнемі атсалысады. Жуырда олар балалар үйіне барып, аумақты қардан тазартып, балаларға жылы лебіздерін білдірді. Бұдан басқа қарттар үйін, мұқтаж ІІОардагерлерінің үйін жыл сайын қардан тазалап, қол ұшын беріп көмектеседі. Олар үшін мұндай іс-шаралар дәстүрге айналған.

Мұқтаж жандарға қол ұшын беру, олардың жағдайын жасапкөмектесу, жанашырлық көрсету тәртіп сақшылары үшін басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру