Елордада туристік полиция шетелдік және отандық туристерге көмектесті
Елордада туристік полиция шетелдік және отандық туристерге көмек көрсетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордада қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында қызмет атқарып жүрген туристік полиция инспекторлары күн сайын қала қонақтарына түрлі бағытта ақпараттық және тәжірибелік көмек көрсетуде.
Мәселен, Германиядан келген туристер "Нұр-Әлем" павильонына қалай баруға болатынын, қаланың демалыс орындары мен қазақтың ұлттық тағамдарын қай жерден дәм тата алатынын сұрады. Инспекторлар толық мәлімет беріп, бағыттарын түсіндірді. Шетелдіктер полиция қызметкерлерінің сыпайылығы мен көмегіне ризашылықтарын білдіріп кетті.
Сол аумақта Шымкент қаласынан келген турист жол сұрап, қажетті ақпарат пен бағытты алды. Қонақ көрсетілген көмек үшін алғысын айтты.
Ал Қытай Халық Республикасынан келген туристер Астананың көрікті жерлері жөнінде сұрап, толық ақпарат қытай тілінде ұсынылды. Қонақтар полиция қызметкерлерінің ілтипатына ерекше таңырқап, ризашылықтарын білдірді.
Туристік полицияның негізгі міндеті – елорда қонақтарына қауіпсіз әрі жайлы жағдай жасау, сондай-ақ ақпараттық қолдау көрсету. Полиция қызметкерлері туристерге қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, жолда жүру ережелерін орындау және жеке құжаттарын қатаң бақылауда ұстау жөнінде профилактикалық кеңестер береді.