Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада велосипед пен самокат ұрлаған күдікті УҰИ-ға қамауға алынды

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед пен самокат ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 43 жастағы қала тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам кешкі уақытта Соқпақбаев көшесіндегі тұрғын үйдің кіреберісіне кіріп, лифтпен 10-қабатқа көтерілген. Әрі қарай ол еркін қол жеткізу арқылы құны 65 мың теңге тұратын Treek велосипедін ұрлап шыққан. Онымен тоқтамаған күдікті араға үш күн салып, Абай көшесіндегі үйдің кіреберісінен баланың скутерін де қолды етіп, 50 мың теңге шығын келтірген.

Бұл оқиға бойынша жедел-іздестіру жүргізген полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен оның ізін бақылап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде және заттай дәлелдемелер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.

Жаз мезгілінің басталуына байланысты елордада екі дөңгелікті көлік ұрлығының саны артқаны байқалады. Астана қаласының полиция департаменті тұрғындарға велосипед жақтауларында таңбалау және айрықша белгілер сияқты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды, велосипедтерді кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмауды, сенімді велосипед құлыптарын пайдалануды ұсынады.

Сәуір айынан бастап Астанада велосипедтерді тіркеу базасы жұмыс істейді. Ол велосипедтердің нақты тұлғаға тиесілі екенін белгілейді. Базаға велосипед иесі, тұрғылықты мекенжайы және телефон нөмірі туралы мәліметтер, сондай-ақ оның сериялық нөмірі енгізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру