Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды

Елордада велосипед ұрлады деген күдікпен кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астанада  полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен велосипед ұрлығының бетін ашты. Күдікті жасөспірім есік алдынан трос түріндегі құлыпты бұзып, велосипедті жасырын түрде ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі – 100 мың теңге.

Жедел-іздестіру  барысында күдікті қолға түсті. Жасөспірім кінәсін толықтай мойындап, полицейлердің сұрағына жауап берді. Тәртіп сақшылары жасөспірімді ата-анасына тапсырды.

Полицейлер азаматтарды жеке мүліктеріне ұқыпты қарауға шақырады. Велосипед, самокат сынды жеке көліктерді тек сенімді құлыптармен бекітіп, күзет қадағалауында және бейнебақылау орнатылған орындарға қою қажеттігін ескертеді.

Тәртіп сақшылары жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру