Елордада велосипед ұрлаған күдікті анықталды
Елордада велосипед ұрлаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Велосипед ұрлығы – маусымдық қылмыстың бір түрі. Көктем, жаз маусымының басталуымен қала аумағында екі дөңгелекті көлік ұрлықтарының саны күрт өсіп келеді.
Мәселен, полицияға елорда тұрғыны өтініш білдіріп, түнгі уақытта кіреберістен құны 50 мың теңге болатын велосипед ұрланғанын хабарлады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 32 жастағы ер адамды анықтады. Қаскүнем кіреберіске кіріп, кабельді кесіп, велосипедті ұрлап кеткен. Полицейлер қылмыс орнынан бейнежазбаны алып, ол бойынша ұрыны анықтауға мүмкіндік алды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Ұсталған адам сатып үлгерген ұрланған велосипедті полиция тәркілеп, иесіне қайтарып берді.
Полицейлер велосипед иелеріне қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады. Велосипедті таңбалау және айрықша белгілер қою сияқты, велосипедтерді кіреберістерде, дүкендердің жанында және қала саябақтарында қараусыз қалдырмаңыз, сенімді велосипед құлыптарын пайдаланыңыз.
– Велосипедтерді кіреберістерде және баспалдақ алаңдарында сақтауға болмайды, бұл әлеуетті ұрылардың көзіне түсуі мүмкін, сонымен қатар өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуға жатады. Сым кескіштермен кесу қиын қалың кабельдерді, металл құлыптарды және тізбектерді сатып алған жөн. Егер сіз балалар велосипедімен ересек адамды байқасаңыз, фотосуретті тұрғындар чатына немесе учаскелік инспекторға жіберіңіз, – деп кеңес берді полиция.