Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды

Елордада жол қозғалысы ережелерін бұзған 300-ден астам жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, еріктілермен өзара іс-қимыл жасай отырып, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алады және жолын кеседі.

Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде 1500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, олардың арасында ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйден тыс жерде болуы. 

Жол қозғалысы қауіпсіздігі желісі бойынша өзімен бірге жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра автокөлікті басқарған 56 жүргізуші, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін бұзғаны үшін – 308 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Мас күйінде автокөлікті басқарғаны үшін 10 жүргізуші қамауға алынды.

Сонымен, полиция қызметкерлері 36 жастағы ер адамды анықтады, ол кешкі уақытта BMW автокөлігін басқарып келе жатып, Камаз автокөлігімен соқтығысқан. Оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келді.

Медициналық сараптама нәтижелері бойынша, BMW жүргізушісі жеңіл дәрежедегі мас күйінде болғаны анықталды.

Жүргізуші 2020 жылдың қаңтар айында 8 жыл мерзімге автокөлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Алайда жүргізуші өзі үшін тиісті қорытынды жасамай, қайтадан мас күйінде көлікке отырған. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 2-бөлігі бойынша «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру