Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтіп жатыр

Елордада “Жолда қабылдау” республикалық акциясы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаменті осы жылдың 14-15 маусым аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін “Тұрақ кеңістігі” ЖШС-нің қатысуымен “Жолда қабылдау” республикалық акциясын өткізуде. Өткен шараларға назар аударсақ бұл акцияның елорда тұрғындары мен қонақтары арасында танымалдылығының артып келе жатқанын көрсетеді. 

Стандарттардан бөлек, акцияға департаменттің әр сала қызметтерінің қызметкерлері қатысқан болса, бұл жолы акцияға автотұрақ қызметкерлері тартылып, өз желісі арқылы консультативтік көмек көрсетуде. 

Акция аясында әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметі және көші-қон қызметі қызметкерлері тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша көшпелі қабылдау жүргізіп жатыр. 

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде тікелей трансляциялар жүргізіліп, азаматтар онлайн режимінде өз сұрақтарына жауап ала алады.

Жалпы, азаматтар шараның оң әсерін атап өтуде. Акцияның алғашқы күнінде 300-ден астам азамат кеңес сұраған. Көбінесе азаматтар әкімшілік айыппұлдарды төлеу, жол қозғалысы мәселелері және т.б. 

Көптеген тұрғындар полицейлердің сауатты да білікті жауаптарына алғыстарын білдіруде. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру