Елордадағы тергеу изоляторына телефон алып кірмек болған күдікті анықталды
Елордадағы тергеу изоляторына телефон алып кірмек болған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 мамырда ҚР ІІМ ҚАЖК-нің №64 мекемесінде жедел ақпаратты іске асыру барысында жедел бөлімнің қызметкерлері тексеру тобының бақылаушысымен бірлесіп, мекемедегі тергеу-қамауға алынған Б. есімді азаматтың қоғамдық қорғаушысы А. есімді азаматқа жеке тексеру жүргізу кезінде мұқият жасырылған Nokia телефонын тапты.
Күдіктіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
– Бүгін Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2017 жылғы, 26 шілдедегі №505 бұйрығымен бекітілген тергеу изоляторларының ішкі тәртіп қағидаларына сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сақтауға, пайдалануға тыйым салынған заттарды жеткізу әрекеті тоқтатылды. Біз өз міндеттерін адал және кәсіби түрде орындайтын және еліміздің игілігі үшін қызмет ететін қызметкерлеріміздің жетістіктерін мақтан тұтамыз, – деп атап өтті мекеме басшылығы.