Елордалық азамат бірге ішімдік ішкен тұрғынның телефонын ұрлап кеткен
Елордалық азамат бірге ішімдік ішкен тұрғынның телефонын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сарыарқа ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында телефонды ұрлауға қатысы бар 43 жастағы астаналықты анықтады.
Тергеу нәтижесінде полицейлер, жәбірленуші танысын қонаққа шақырғанын анықтады. Бірге алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін, күдікті үй иесінің ұйықтап қалғанын пайдаланып, кетіп бара жатқанда Samsung телефонды ұрлап әкеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.