Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық азамат танысының үйіне қонаққа барып, алтын бұйымдарды қолды қылған

Елордалық азамат танысының үйіне қонаққа барып, алтын бұйымдарды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұрын ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапқа тартылған Ұлытау облысының 41 жастағы тұрғыны танысының үйінде қонақта болып, оның 200 мың теңге сомасындағы алтын бұйымдарын ұрлап кеткен.

Белгілі болғандай, алтын жүзік, алқа сияқты бұйымдар арызданушының әйеліне тиесілі болған, ол жоғалғанын біліп, бірден полицияға жүгінген. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде күдікті азамат анықталып, ұсталды.

Ер адам ұрлық жасағанын мойындап, полицейлерге ұрланған бұйымдарды ломбардқа тапсырып, түскен ақшаны жұмсап жібергенін де жасырмаған.

Осы факті бойынша ұрлық бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оның бұрын елорда аумағында жасалған қылмыстарға қатысының бар-жоқ екені тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру