Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық азамат жергілікті мешіттің бірінен телефон ұрлап кеткен

Елордалық азамат жергілікті мешіттің бірінен телефон ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz

Полицияға қала тұрғыны мешітте ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып арызданған.

Тергеу барысында ер адамның мешітке таңғы сағат 05:00-де намазға келгені, одан кейін демалуды ұйғарып, ұйықтап кеткені анықталды. Зардап шегуші TecnoCamon 19 Pro телефонын қуаттағышқа қойып, оянғанда оны таппаған.

Есіл аудандық полиция басқармасының полицейлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Түркістан облысының 27 жастағы тумасын анықтады. Құны 100 мың теңге тұратын телефонды күдікті қызмет көрсету орталығына парольді ашу үшін беріп жібергені белглі болған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ер адам кінәсін мойындады, оның бұған дейін де осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру