Елордалық дүкендердің бірінде тұрғын қарт адамның әмиянын ұрлап кеткен
Елордалық дүкендердің бірінде тұрғын қарт адамның әмиянын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
70 жастағы қарт адам полицияға супермаркеттегі келушілерге арналған шкафтан әмиянының жоғалып кеткенін хабарлаған.
«Іздестіру» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлық жасаған 32 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы супермаркетке келіп, кілтті таңдау арқылы шкафты ашқан. Бөлмедегі шкафтан қарт атаның кәмелетке толмаған немересіне арналған сымсыз құлаққап салынған әмиянын ұрлап үлгерген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.