Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық оқушылар Ұлттық ұланның әскери бөліміне экскурсия жасады

Астана қаласының №20 мектебінің оқушылары Ұлттық ұланның 6636 әскери бөліміне экскурсия жасады. Оқушылар Отан қорғаушыларымыздың қызметімен және сарбаздардың бір күндік өмірімен танысып қайтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқушылар әскери қызметшілерге әскери өмір мен қызметтің ерекшеліктері жайында көптеген сұрақ қойды. Ал олардың сұрақтарына әскери қызметші Медет Орысбаев жауап беріп, оқушыларға әскери қызметтің қыр-сыры жайында айтып берді. Сонымен қатар оларға сарбаздардың жатын орындары мен қару-жарақ түрлерін де көрсетті.

Оқушыларды кинология қызметі қызықтырды. Олар иісшіл иттің жасырылған затты қалай іздеп табатынына куә болды

– Оқушылар үшін бұл экскурсия ерекше әрі пайдалы болды. Олар өз сұрақтарын қойып, әскери қызметшілермен тікелей байланыс орнатып, әскери өмірдің қызықтарын және қиыншылықтарын біліп қайтты. Бұл жастардың патриоттық сезімін ояту жолындағы маңызды қадам болды, – деді мектеп мұғалімі Абай Аманбаев.

Айта кетейік, бұл экскурсияның мақсаты – жастарға Отан қорғаудың маңыздылығын ұғындырып, патриоттық тәрбие беру. Әскери бөлімге жасаған сапар балалардың өз елінің әскеріне деген құрметін арттырып, еліміздің қауіпсіздігі мен тыныштығы үшін қызмет етудің қаншалықты жауапты екенін көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру