Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ПД бастығы аудандық полиция басқармаларының жеке құрамымен кездесті

Елордалық полиция департаментінің бастығы алдағы кезеңге негізгі міндеттерді айқындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Есіл және Алматы аудандары полиция басқармаларының жеке құрамымен кездесу өткізді. Жиын мақсаты – ішкі істер министрінің қатысуымен өткен жедел кеңес қорытындысы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу, құқық қорғау органдары қызметінің алдағы жылға басым бағыттарымен таныстыру, сондай-ақ өткен жылғы жедел қызметтік жұмыстарды қорытындылау.

Талқылаудың негізгі аспектісі – заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету жөнінде қойылған міндеттер болды. Марат Төлебаев «Заң мен тәртіп» қағидатының полицияның күнделікті жұмысында іске асырылу қажеттілігіне ерекше назар аударды. Сонымен қатар аудандық бөліністердің басшыларына кемшіліктердің себептерін талдап, оларды жоюға және болдырмауға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырды.

Ішкі істер министрі 2025 жылды Профилактика жылы: полиция заң мен тәртіп күзетінде деп жариялады. Департамент басшысы құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың кез келген көрінісіне мүлдем төзбеу полиция қызметкерлерінің басты міндеттеріне айналуы тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру