Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ПД бастығы оқушыларды Білім күнімен құттықтады

Елордада полиция департаментінің бастығы жас астаналықтарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Астана қаласының барлық мектебінде жаңа оқу жылының алғашқы қоңырауы соғылды. Оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтау үшін Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев №85 мектеп-лицейіне барды.

- 1 қыркүйек – әрқайсымыз үшін маңызды күн. Жаңа оқу жылы – балалардың қауіпсіздігіне ерекше мән беруді қажет ететін кезең. Баршаңызды жаңа оқу жылымен құттықтап, табыс тілеймін, - деді Марат Төлебаев.

Сонымен қатар бұл мектепте қызметтік борышын атқару барысында қаза тапқан батыр – Ғазиз Байтасовтың есімі берілген полиция сыныбы ашылды. Онда батырды бір минут үнсіздікпен еске алды. Балалар үшін жол қозғалысы ережелерін білу дағдыларын көрсеткен викториналар ұйымдастырылды.

Іс-шара соңында оқушыларға естелік сыйлықтар: төсбелгілер, ойыншық патрульдік көліктер және қауіпсіздікке қатысты жадынамалар табысталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру