Елордалық ПД-да “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасының негізгі бағыттары талқыланды
Астана қаласы полиция департаментінде “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасының негізгі бағыттары талқыланды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Айтмағамбетов, әкімдік, білім басқармасы, қоғамдық ұйымдар өкілдері, белсенділер мен еріктілердің қатысуымен жиын өтті.
Отырыс қоғамда “Заң мен Тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру мәселелеріне, сондай-ақ оның аясында қызметік іс-әрекеттің негізгі бағыттары бойынша өзекті ақпаратты талқылауға арналды.
Кездесу барысында қатысушылар тұжырымдаманың стратегиялық бағыттарын және оны іс жүзінде жүзеге асырудың нақты шараларын жан-жақты қарастырды.
Полиция департаменті бастығының орынбасары Арман Айтмағамбетов полиция мен билік және қоғам арасындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті нығайту үдерісіне тұрғындарды, әсіресе жастарды белсенді тартуға ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар құқық бұзушылықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, профилактикалық жұмыстарды цифрландыру, азаматтардың құқық қорғау органдарына сенімін нығайту бойынша ұсыныстар жасады.