Елордалық ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасына жаңа бастық тағайындалды
Астана қаласы полиция департаментінің тәрбие және кадр жұмысы басқармасына жаңа бастық тағайындалды, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев жеке құрамға тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы лауазымына тағайындалған полиция полковнигі Анна Жауғашеваны таныстырды.
Анна Жауғашева ішкі істер органдарындағы қызметін 2003 жылдың қыркүйек айында бастаған. 22 жылдан астам уақыт ішінде ол кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектордан бастап басшылық лауазымдарға дейінгі жолдан өтті. Ол бұған дейін Алматы ауданы полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымында болды. Ол өзінің қызмет жолында тәрбиелік жұмыс пен кадрлық қамтамасыз ету салаларында терең білімі бар тәжірибелі басшы ретінде танылды.
Жаңа қызметінде Жауғашева Астана қаласы полиция департаментінде ұжым ішіндегі моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту және кадрлық саясатты нығайту бағытындағы жұмыстарды жалғастыратын болады.