Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер бильярд клубында орын алған ұрлықты ашты

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері бильярд клубындағы ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елорда тұрғыны полицияға бильярд клубында ұялы телефоны ұрланғаны жөнінде шағымданған. Гаджет ойын кезінде жоғалған. Жалпы материалдық шығынның көлемі 460 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында клубтың тұрақты клиенті болып табылатын 23 жастағы күдікті ұсталды. Ұсталған жігіт кінәсін мойындады, ұрланған ұялы телефон тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру