Елордалық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады
Елордалық полицейлер бірнеше ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияның «102» арнасына елорда тұрғынынан белгісіз адам жатақхана бөлмесінің есігін бұзып кіріп, құны 330 мың теңге тұратын LG маркалы теледидарды ұрлағаны жөнінде хабарлама келіп түсті.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері 31 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған адамның басқа да қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Мәлім болғандай, күдікті жәбірленушімен бірге спирттік ішімдік ішкеннен кейін оның басынан ұрып, Samsung маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.