Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер есірткі “курьерін” қолға түсірді

Елордада есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкенінің қызметкері құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Қарасора – 2023” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Астана қаласы ПД-ның есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі “курьерін” анықтады.

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған азаматтың құпия орындарға синтетикалық есірткі жасырып, оны таратумен айналысқаны анықталды.

Осылайша психоактивті заттарды сатпақ болған интернет-дүкеннің 32 жастағы қызметкері анықталып, одан жеке тінту кезінде сатуға дайын 21 бума мефедрон есірткі заты табылып, тәркіленді. Сондай-ақ Hyundai Accent автокөлігін тінту кезінде тағыда екі полиэтилен байламы тәркіленген.

Одан әрі тұрақты жерімен оған іргелес аумақты тінту кезінде қоқыс жәшігінен рюкзак табылған. Оның ішінде екі синтетикалық полиэтилен пакеті және басқа да есірткі заттарын орау үшін керек-жарақтар болған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру