Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер көкпар ойынына қатысты

Астана қаласының полиция қызметкерлері көкпар ойынына қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл ерекше іс-шара оған қатысушылардың күші мен шеберлігін көрсету ғана емес, ұлттық ойынға келген көрермендерді салауатты өмір салтына баулу мақсатында ұйымдастырылды. Полиция қызметінің негізгі бағыттарының бірі – есірткіге қарсы күрес. Ал спорт – бұл зұлымдықпен күресудің қуатты құралы.

– Жастарда әрқашан оң салауатты белсенділіктің пайдасына балама таңдау болуы керек. Мәселен, тек спорт қайраткерлері ғана емес, жалпы жұртшылық тарапынан да қолдау болып жатқаны қуантады. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, біз қаламыздың өмір сүруіне салауатты және қауіпсіз орта жасай аламыз, – деді Астана қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Еске салайық, республика бойынша 31 қазанға дейін жалғасатын «Қарасора – 2023» ауқымды жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Бұл іс-шара есірткіні заңсыз өсіру, құрамында есірткі бар өсімдіктерді жою, есірткі транзитінің жолын кесу, жасырын есірткі зертханаларының, сондай-ақ есірткі таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтардың заңсыз әрекетін жою мақсатында жыл сайын өткізіліп тұрады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру