Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер көліктен мүлік ұрлаған азаматты анықтады

Елордалық полицейлер көліктен мүлік ұрлаған азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлік ұрысының құрбаны болған елорда тұрғыны полицияға арыз жазып, мән-жайды баяндаған.
Оқиға желісімен жедел іздестіру іс-шараларын ұйымдастырған Алматы аудандық криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері дөңгелек ұрлаумен айналысқан 24 жастағы елорда тұрғынын анықтаған.

Ер адам түнде ВАЗ автокөлігінде дабыл жүйесінің жоқтығын пайдаланып, төрт дөңгелегін шешіп алып, кейін ұрланған затын сатып алушыларға өткізіп жібергені белгілі болған.

Күдікті кінәсін мойындап, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынып, оның осыған ұқсас басқа да бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Астанада осыған ұқсас көліктен ұрлық жасаған ер адам құрықталды. Нұра ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 26 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адам күндізгі уақытта қаланың сол жақ жағалауындағы дүкендердің бірінің жанынан өтіп бара жатып, азық-түлік тауарларын жеткізетін ГАЗель автокөлігін байқағаны анықталды. Күдікті қылмыстық оймен, көлік жүргізушісінің дүкенге тауар тасып жатқан сәтін пайдаланып, іс-әрекетін ешкім бақылап тұрмағанына көз жеткізген соң автокөліктің салонынан Redmi 9 және Vivi2620 екі телефонын алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 250 мың теңге.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді. Елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру