Елордалық полицейлер пәтер ұрлығын ашты
Елордалық полицейлер пәтер ұрлығын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жәбірленуші елорданың тұрғын үй кешендерінің біріндегі пәтерде бөлме жалдап тұрғаны белгілі болды. Ол жұмыста болған кезде пәтер иесіне досы қарызға ақша сұрап келген.
Оған қарыз бере алмайтынын айтып пәтер иесі дүкенге кеткен. Осы кезде күдікті бағалы заттарды ұрлау мақсатында бөлмелерді аралай бастаған. Осылайша, ол барсеткада болған 620 мың теңге көлемінде ақша қаражатын иемденген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамды анықтады. Ол ұрланған ақшаны өз қажеттігіне жұмсағанын мойындады.
Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ер адамның бұрын осыған ұқсас қылмыстар үшін бірнеше рет жауапкершілікке тартылғаны анықталды.