Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер құрылыс материалдарын заңсыз иемденген азаматты ұстады

Елордалық полицейлер құрылыс материалдарын заңсыз иемденген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу жертөледен құрылысқа арналған құралдарды ұрлап кеткенін айтқан.

Сарыарқа ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық жасады деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Тергеу барысында ер адамның күндізгі уақытта Есенберлин көшесінің бойындағы құрылыс нысанының жанынан өтіп бара жатып, ішке кіргені белгілі болды. Маңайында ешкімнің жоқ екеніне көз жеткізіп, күдікті жертөледен құрылысқа қажетті заттарды алып кеткен. Келтірілген материалдық шығын 80 мың теңге.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру