Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер үйректерді құтқару үшін ерекше операция өткізді

Елордалық полицейлер үйректерді құтқару үшін ерекше операция өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласының ПБ-ның “102” нөміріне сағат 20:40-та елорда тұрғыны хабарласып, полиция қызметкерлерінен Байтұрсынов көшесі бойында жүрген үйректерге көмектесуді сұрады.

Елорда тұрғыны Татьяна Зигельдің айтуынша, аялдаманың жанында үйректер кенеттен пайда болды. Әйел құстарды өз бетінше құтқарғысы келді, еш нәтиже шықпаған соң, ол полицияға жүгінді. Бірнеше минут ішінде оқиға орнына патрульдік полиция полкінің қызметкерлері келді.  Тәртіп сақшылары үйректерді қорапқа жинап, Есіл өзеніне жіберді.

Айта кету керек, құтқару операциясына елорда тұрғындары да қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру