Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полицейлер жоқ көлікті сатқан алаяқты анықтады

Елордалық полицейлер жоқ көлікті сатқан алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы ауданы ПБ полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық фактілері бойынша 26 жастағы Ақмола облысының тумасын анықтады. Тергеу барысында ер адамның Kolesa KZ сайтында автокөлікті сату туралы хабарландыруды орналастырғаны белгілі болды. Автокөлік сатып алғысы келетіндер саны көп деген сылтаумен, қаскүнем көлікті сатып алмақшы болған жәбірленушіден алдын ала төлем жасауды талап еткен.

Осылайша ер адам қала тұрғынының 50 мың теңгесін заңсыз иемденген. Сонымен қатар алаяқтың ұқсас тәсілмен бірнеше елорда тұрғындарын алдағаны белгілі болды.

Аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, оның елорда аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталатын болады.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарға сақ болуға, танымайтын, бейтаныс адамдарға ақша қаражатын бермеуге және аудармауға, күмәнді ұсыныстарға сенбеуге кеңес береді.

ҚР ҚПК-нің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру