Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық полиция департаментінің бастығы аудандық басқармада кеңес өткізді

Елордалық полиция департаментінің бастығы аудандық басқармада кеңес өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев Байқоңыр ауданы полиция басқармасының жеке құрамымен жұмыс кездесуін өткізді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында ол фронт-офистің жұмысын тексеріп, халықпен кері байланыс жасау жұмысының сапасымен танысты. Сондай-ақ елордалық полиция азаматтармен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.

Кездесу барысында Марат Төлебаев жеке құрамға Ішкі істер министрінің қатысуымен өткен жедел кеңестің қорытындысын жеткізіп, алдағы жылға арналған басым міндеттерді белгіледі. Басқарманың жұмыс тиімділігін арттыру бойынша тапсырмалар берді.

Елорда департаментінің бастығы 2024 жылы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық, кәмелетке толмағандарға жасалатын буллингпен күрес, вейп сатуды шектеу, есірткі өндіруге және құмар ойындарға қарсы іс-қимыл бойынша көптеген заңнамалық жаңалықтар енгізілгенін еске салды. Сонымен қатар бұзақылық, вандализм және мүлікті бүлдіру фактілері үшін жазалар күшейтілгенін атап өтті. Полиция бастығы құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеу қағидатын сақтаудың маңыздылығын айтты. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасын тапқанын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру