Елордалық полиция қаланың тазалығына үлес қосты
Елордалық полиция қаланың тазалығы мен тәртібіне үлес қосты, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында тәртіп сақшылары барлық ауданда аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік өткізді.
Акцияны қолдау белгісі ретінде департамент бастығы Марат Төлебаев ағаш отырғызуға өзі қатысып, әрбір азаматтың қоршаған ортаны сақтау мен экологиялық мәдениетті дамытудағы жеке үлесінің маңыздылығын атап өтті.
— Тазалық пен тәртіп – әрқайсымыздан басталады. Полиция қызметкерлері тек тәртіпті қамтамасыз етуде ғана емес, қоршаған ортаға қамқорлық жасауда да үлгі болуы тиіс, – деді Марат Төлебаев.
Сенбілік барысында полиция қызметкерлері аумақты қоқыстан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызды.