Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД-да ерекше көзге түскен қызметкерлер марапатталды

Елордалық ҚАЖД-да 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне және Жеңістің 78 жылдығына орай салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Салтанатты іс-шараның ашылуы Қазақстан Республикасының Әнұранымен және жер бетіндегі бейбітшілік пен бақыт үшін қаза тапқан барлық батырларды құрметтеу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Іс-шара Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Дәулет Рақымбековтың құттықтау сөзімен жалғасты.

– Бүгінгі және болашақ ұрпақ Ұлы Отан соғысының батырларын ешқашан ұмытпайтынына, ішкі істер қызметкерлері батырларымызды әрдайым еске алып, дәстүрді әрі қарай жалғастыратынына, өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін абыроймен атқаратынына кәміл сенемін. Бәріңізге зор денсаулық, бақыт, тыныштық пен бейбіт өмір тілеймін! Отанымыз үшін адал, абыроймен қызмет етулеріңізге тілектеспін, – деді ол. 

Сондай-ақ департамент бастығы ардагерлер мен қызметте өздерін жақсы жағынан көрсеткен қызметкерлерді марапаттады.

ҚР ішкі істер министрінің бұйрығымен №3 мекеме бастығы Нұрғали Әжіхановқа мерзімінен бұрын подполковник атағы берілді, сондай-ақ министрдің бұйрығымен бірқатар қызметкерлер арнаулы атақтан бір саты жоғарылап, «Қылмыстық-атқару жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Қылмыстық-атқару жүйесінің үздігі» төсбелгісімен, құрмет грамотасымен марапатталды. ҚАЖК төрағасының бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлер алғыс хатпен марапатталды. Департамент бастығы Д. Рахымбековтың бұйрығымен департамент және оның бөлімшелерінің қызметкерлері «Қазақстан полициясына 30 жыл» төсбелгісімен, алғыс хатпен, грамотамен марапатталды, сонымен қоса, жас қызметкерлердің ата-аналары да марапатталды. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің орынбасары Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы Е.Ботақановтың бұйрығымен өзара іс-қимыл жасағаны үшін департамент пен оның бөлімшелерінің қызметкерлері «Қоғамдық тәртіпті сақтағаны үшін» төсбелгісімен марапатталды. 

Отан қорғаушылар күнін және Жеңістің 78 жылдығына орай ҚАЖД басшылығы ҚАЖ мекемелерінде ұсталатын адамдардың құқықтары мен жағдайларын қамтамасыз ету мәселелерінде елордалық ҚАЖД-мен өзара белсенді іс-қимыл жасайтын белсенділерге алғыс хат табыс етті. Мерекелік бағдарламада департамент қызметкерлерінің құрамынан құрылған хордын орындауында «Катюша», «Алия», «Журавли» әскери әндері шырқалды, сондай-ақ эстрада әншілерінің орындауындағы басқа да патриоттық әндер шырқалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру