Елордалық ҚАЖД мекемесінде "Қақпа алдындағы кездесу" іс-шарасы ұйымдастырылды
Елордалық ҚАЖД мекемесінде "Қақпа алдындағы кездесу" іс-шарасы ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық ҚАЖД-ға қарасты №64 мекемесінің әкімшілігі мекеменің мәжіліс залында "Қақпа алдында кездесу" іс-шарасын ұйымдастырды. Аталған жоба аясында қоғамдық бақылау комиссиясының өкілі Орынбасар Күлжабаева, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының өкілі қатысты.
- Бүгінгі іс-шара - біздің шаруашылық қызмет көрсету жасағымызда өз жазасын өтеген адамдар үшін, олардың мекемеде болған соңғы күндерінде бостандыққа шыққанда өзін қоғамнан алыс ұстамауға бейімдеу мақсатында ұйымдастырылды. Яғни, бұл іс-шара сотталып шыққан азаматты ортаға қайта бейімдеу, қайта қылмыс жасамауға ықпал ету.
Осы жоба аясында мекеме бастығының орынбасары Қанат Рахимов жазасын өтеп, мекемеден босап шығушыларға мотивациялық сөздерін айтты.
- Бұрын жасаған қателікке енді бармаңыздар. Түзу жолдан таймаңыздар, білімге құштар болуға, болашаққа дұрыс жоспар құруға шақырамын. Сенімді ақтаңыздар, - деді Қанат Рахимов.