Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық ҚАЖД мекемесіне құқық қорғаушылар барды

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің басшылығының бастамасымен қауіпсіздігі төтенше мекемеге Астана қаласы бойынша Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары А. Алхастов, С. Жандарбек және «Біз азаптауға қарсымыз» қоғамдық қорының өкілі Б. Мусин барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мекемені аралаудың мақсаты – сотталғандардың құқықтары мен міндеттерін, жаза өтеу шарттарының сақталуына мониторинг жүргізу болды. ҚАЖД қызметкерлерімен бірлесіп, сотталғандармен тыйым салынған заттарды, атап айтқанда телефондарды сақтау және пайдаланғаны, бейнебақылау камераларын бүлдіргені үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы профилактикалық сұхбаттар жүргізілді, сондай-ақ өзіне дене жарақатын келтіру, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері және басқа да агрессивті әрекетке қатысты фактілердің алдын алу және оларға жол бермеу бойынша профилактикалық сұхбаттар өткізілді.

Құқық қорғаушылар сотталғандарды ұстау шарттарымен танысты, тұрғын жасақтарға, өнеркәсіптік аймаққа, асханаға, санитарлық бөлімге, таксофонмен сөйлесу бөлмесіне барды. Мекемені аралау барысында сотталғандарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізілді. Сотталғандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату, ҚР Конституциялық сотына жүгіну тәртібі туралы мәселелер түсіндірілді, сондай-ақ мекеме әкімшілігі құпия қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаменті азаматтық сектор өкілдерімен тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Осы үкіметтік емес ұйымдардың қатысушылары қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мекемені аралау жұмыстарынан кейін шығарылатын мониторингтер мен ұсынымдардың арқасында сотталғандарды ұстау шарттары өзгертіледі. Әрбір осындай ұсыныс қараусыз қалмайды, ол бойынша шаралар қабылданып, өзгерістер енгізіледі, нәтижесінде пенитенциарлық жүйеде оң-көрініс табады, – деп атап өтті ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру