Елордалық ҚАЖД қызметкерлері жүк көлігінің дөңгелегінен аңшы мылтығын тапты
Елордалық ҚАЖД қызметкерлері жүк көлігінің дөңгелегінен атуға жарамды аңшы мылтығын тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Елордалық ҚАЖД қызметкерлері қаруды табу және тәркілеу бойынша жедел іс-шара өткізді.
Жедел ақпаратты бірлесіп іске асыру барысында №2 мекеменің және Астана қаласы бойынша ҚАЖД жедел бөлімінің қызметкерлері Астана – Көкшетау трассасы аумағында атуға жарамды 12 калибрлі ИЖ-27 аңшы мылтығын тауып, тәркіленді.
Бұл қару жүк көлігінің дөңгелегінде жасырылған.
– Қазіргі уақытта осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Елордалық ҚАЖ қызметкерлері заңсыз айналымдағы қаруды табу және тәркілеу бойынша бақылауды жалғастыруда. Қару-жарақты, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру қылмысы үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, – деп атап өтті елордалық ҚАЖД бастығы Дәулет Рақымбеков.