Елордалық тәртіп сақшылары велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады
Елордалық тәртіп сақшылары велосипед ұрлаған күдіктіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана тұрғыны өз учаскесін кілттемеген азаматтың велосипетін ұрлап кетті. Ер адам көшеде жүріп, қақпасы ашық үйге кедергісіз кіріп, екі доңғалақты көлікті қолды қылып, қожайынға 65 мың теңге көлемінде шығын келтірген.
Кешке үйге келген соң, затының жоғалғандығын байқаған үй иелері полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Сарыарқа аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар 43 жастағы ер адамды анықтады. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ер адам қылмысын мойындады. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осындай қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.