Елордалық тұрғын дүкеннен құнды тауарларды қолды қылған
Елордалық тұрғын дүкеннен құнды тауарларды қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елорданың 24 жастағы тұрғынын ұстады.
Тергеу барысында қыздың тұрмыстық тауарларды сататын дүкендер желісінде болған кезде материалдық құнды тауарларды жасырын ұрлап әкеткені анықталды.
Оның әрекеттері камераға түсіп қалған. Полицейлер оның елорда аумағында жасалған ұрлықтың үш фактісіне қатысы барын анықтады.
Күдікті мойындау көрсетпелерін берді, заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеру жүргізілуде.