Елордалық тұрғын сауда орындарының бірінде сатушының телефонын қолды қылған
Елордалық тұрғын сауда орындарының бірінде сатушының телефонын қолды қылған, – деп хабарлайды Polisia.kz.Полицияға қала тұрғыны бейтаныс ер адамның ұялы телефонын ұрлап кеткенін айтып, арыз қалдырған.
Жәбірленушінің айтуынша, ол сауда орнында тұрғанда бейтаныс азамат келіп, одан құрылыс жұмысына керекті қосалқы бөлшектерді сатып аламын деп жүгінген. Осы кезде жәбірленуші аталған зат өзінде болмағандықтан көрші бутиктен әкелуге кеткен. Сол қас-қағым сәті өз пайдасына асырған күдікті қуат көзінде тұрған Samsung-13 телефонды жымқырып үлгерген.
Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Сарырқа ауданы полиция бөлімінің тәртіп сақшылары ұрлыққа қатысты деген күдікпен 37 жастағы қала тұрғынын бейнекамера көмегімен «ізін суытпай» анықтады. Ер адам кінәсін мойындап, телефон иесіне қайтарылды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.