Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордалық тұрғындар полицейлерге алғысын білдірді

Елордалық тұрғындар полицейлерге алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Елода тұрғындары “102” арқылы көмекке келген полиция қызметкерлері туралы пікірлерін айтып, жиі алғыстарын білдіріп жатады.  

Кезекті алғыс Орталық саябақта 2 телефонын ұмытып кеткен қала тұрғынынан келіп түсті. Нақтырақ айтсақ, елордадағы Орталық саябақта 14-15 жас шамасындағы 2 қыз бала ойнап жүріп ұялы телефондарын жерге түсіріп алады. Қыздар шамалары келгенше өздері іздеуге тырысқандарымен, телефонды табу мүмкін болмады. Кейін қыздар жақын маңдағы полиция бекетіне келіп сақшылардан көмек сұрайды. Қыздардың өтінішін орындау үшін полиция қызметкерлері балалар ойнаған жердегі қарды аршып жоғалған затты іздестіруге кіріседі. Көп ұзамай тәртіп сақшылары телефонды тауып, иелеріне қайтарып береді. 

Телефонның табылғанына қуанған қыздар, дереу “102” арнасына хабарласып, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Тәңірберген Бағлан мен Кәрібаев Дастанға алғыстарын білдірді. 

Азаматтардың өтінішіне уақытылы ден қою, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған адамдарға көмек көрсету әрбір полицейдің қызметтік борышы. Азаматтардың пікірлерінің арқасында астаналық полицейлердің жұмысы назардан тыс қалмайды. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру