Елорданың бас полицейі ҚазГЮУ студенттерімен кездесті
Елорданың бас полицейі Қазақ гуманитарлық заң университетінің студенттерінің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесуге қатысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев М.Нәрікбаев атындағы ҚазГЮУ-дің профессор-оқытушыларымен және студенттермен диалог алаңында жастардың саналылығын, құқықтық қорғалуын және заңсыз әрекеттерден құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында кездесуге қатысты.
Бұл кездесу Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру тұрғысынан өте маңызды рөлге ие екені атап өтілді. Кездесуді MAQSUTNARIKBAEVUNIVERSITY қолдауымен «ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Астана қалалық филиалы ұйымдастырды. Оған елордадағы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері, елорданың құқық қорғау және мемлекеттік органдарының басшылары мен өкілдері, мәслихат депутаттары, Астана қаласының қоғамдық кеңестері мен қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты. Елордалық бас полицей жиналғандарды оқу жылының басталуымен құттықтап, бүгінгі таңда өскелең ұрпаққа үлкен үміт артылып отырғанын атап өтті. Ол елордадағы қылмыстық ахуалдың жай-күйіне тоқталып, жедел жағдайдың тұрақты екенін айтты.
10 мың тұрғынға шаққанда қылмыс деңгейі 7 пайызға төмендеді. Адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, зорлау, бұзақылық, бопсалау, ұрлық саны азайды. Денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тонау, бұзақылық, бопсалау, ұрлық, алаяқтық, соның ішінде интернет-алаяқтық, ұрлық және есірткі қылмыстарын ашу жетілдірілді. Барлық кісі өлтіру мен тонау қылмыстары ашылды. Сонымен қатар Марат Төлебаев тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қатайту бөлігінде заңнамада болған бірқатар өзгерістер шағын электрлі көліктер мен электроскутерлерді пайдалануға қатысты заңнамалық түзетулер туралы хабарлады.
Полиция департаментінің бастығы жастарға түрлі құрылым тарапынан арандатушылық шақырулар мен әділетсіз көріністерге бой алдырмауды ескертті. Есірткі тарататын жастар интернет алаяқтары мен есірткі сатушылардың қолындағы қуыршаққа айналады. Есірткіге қатысты барлық әрекеттер ауыр және аса ауыр қылмыстар санатына жатқызылады, оларды жасағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айыруға жазаланатынын да атап өтіп, соңғы 2 жылда елордада есірткіге қатысты іс-шаралар басты назарға алынып, тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанына да тоқталды.
Мәселен 7 дәріхана зертханасы, 200-ге жуық жарнама сайты бұғатталды. Заңсыз айналымнан 350 келі түрлі есірткі, оның ішінде 50 келіден астам синтетикалық есірткі тәркіленген. Сондай-ақ жиында жастар арасындағы бұзақылық, құмар ойындарға тәуелділік тақырыбы да қозғалды. Бүгінгі таңда ішкі істер органдары үлкен және көп функциялы жүйе, оған көптеген міндет жүктеледі. Полиция барлық қылмыстардың 96 пайызын тергеп, әкімшілік құқық бұзушылықтың 97 пайызын ашады.
Сөз соңында елордалық полиция бастығы заңгер студенттердің маңызды кадрлық резерв екенін айтып, болашақ түлектерді ішкі істер органдарында қызмет етуге шақырды. Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының түлектері ішкі істер органдарында ұзақ жылдар бойы абыроймен қызмет атқарып жатқанын да атап өтті.