Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елорданың туристік полиция қызметкерлері жыл басынан бері 1600-ден астам адамға көмектесті

Елорданың туристік полиция қызметкерлері жыл басынан бері 1600-ден астам адамға көмектесті , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының халықаралық имиджі мен туристік тартымдылығын арттыру мақсатында 2019 жылдың сәуір айында Астанада туристік полиция құрылды.

Ол шетел азаматтарының Қазақстан астанасында болған кезеңдегі жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған.

Туристік полицейлер көрікті жерлер орналасқан ауданда туристерге көмек көрсетеді, елімізде болу ережелерін түсіндіреді, көші-қон ережелерін бұзған адамдарды анықтайды, өтініштерді есепке алуды және туристік аймақты патрульдеуді қамтамасыз етеді.

Бүгінгі таңда туристерге қызмет көрсету жөніндегі взвод қызметкерлерінің саны 18 адамды құрайды.

Күн сайын турполицейлер «Астана Бәйтерек», «Бейбітшілік және келісім сарайы», «Қазақ Елі» монументтері, «Хан Шатыр» СОО, «ЭКСПО» көрме орталығы сияқты көрнекті орындарда орналасқан 4 стационарлық бекеттерде қызмет атқарады.

Туристерге қызмет көрсету жөніндегі взвод командирі Дәурен Көбеннің айтуынша, жыл басынан бастап взвод қызметкерлері 1650 азаматқа көмек көрсетті.

Негізінен туристер белгілі бір мекенжайға, тамақтану орындарына және көрікті жерлерге қалай жетуге болатынын сұрайды. Полиция қызметкерлері маршрутты түсіндіреді, такси шақыруға көмектеседі және қажетті көмек көрсетеді. Шетелдіктерден басқа, біздің отандастарымыз жоғалған баланы немесе ұмытылған жеке заттар мен телефондарды табуды сұрайды. Жергілікті жерде патрульдік полиция қызметкерлері балаларды тауып, жоғалған заттарды иелеріне қайтарады. Мұндай фактілер ағымдағы жылдың басынан бері 100-ге жуық тіркелген.

Туристік взвод командирі ағылшын тілінен басқа, қызметкерлер қытай, түрік, араб және т.б. шет тілдерін меңгергенін атап өтті.

Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезінде қытай тілін жетік меңгерген туристік полицей Жеңіс Өнербек ҚХР қонақтарына үлкен көмек көрсетті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру