Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Емдеу мекемесінде ұрлық жасаған қызылордалық құрықталды

Қызылордада емдеу мекемесінің пациенттерінің бірінің ақшасын қолды қылған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 9 ақпан күні 1953 жылы туған облыс орталығының тұрғыны арызданды. Арызданушы қаладағы емдеу орталықтарының бірінде ем қабылдап жатқан. Жәбірленуші ем қабылдауға кеткен кезде белгісіз біреу төсегінің астындағы әмияның ішінен 56 500 теңге көлеміндегі қаржысын қолды еткен.

Бұл факт бойынша тәртіп сақшылары жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 1992 жылы туған қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру