Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілі»

Шымкент қаласы Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инженері полиция аға лейтенанты Ибрагимов Камран Илиязович.

Мен Шымкент қаласы Полиция департаменті Ақпараттандыру және байланыс басқармасының аға инженері полиция аға лейтенанты Ибрагимов Камран Илиязович.Ұлтым –әзірбайжан. Қазақ тілі – шексіз бай, шұрайлы, тегеуріні мықты тіл. Өйткені өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіме қазақ тілібасты себепкер болды. Мынау жарық дүниеге келгеннен бастап, ата-анамда үйде қазақ  тілінде көп сөйлейтіндіктен, қазақ мектепке қазақ тобына оқытқансоңбойыма оңай  сіңіріп келе жатқан тілім мен үшін ең қастерлі, ең қымбат тіл. Өзге ұлт өкілі болсамда қазақ тіліне жанашырмын.Амал не, туған тілін  шұбарлап, басқа тілдің сөздерімен араластырып сөйлейтіндерді жиі көремін. Тіпті, туған тілінен безетін сорақыларды да, менсінбеушілікпен қарап, қазақша сөйлеуге ұялатындарды көргенде, белгілі орыс жазушысы К.Г.Паустовскийдің «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойыма келеді. Көп ұлтты Қазақстан. Қанша ұлттың баласы бір анадан туғандай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Қазақстанда ұлттар арасында татулық  пен бірлік, ынтымақтастық пен достық орнағаны – бәріміз үшін мақтаныш. Бұл – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының, дана ойларының жемісі. Елімізді жарқын болашаққа жетелейтін, халық мүддесін ғана ойлайтын Елбасының арқасында қазақ елі, мәңгілік тату халықтар достығы орнаған ел болып қала бермек.Қазақ тілінде сөйлейтін адамдарының саны жағынан әлемдік тілдер арасында 70-ші, тіл байлығынан үшінші орында. Сену қиын десек те деректер осылай. Ең бай тіл саналатын араб тілінде 12 миллион 300 мың сөз болса, бұл көрсеткіш ағылшын тілінде 750 мың, қазақ тілінде 600 мың, ал испан тілінде 300 мың, орыс тілінде 150 мың екен. Ал қытайлар болса 87019 иероглифті қолданады. Демек, қазақ тілі әлемдегі ең бай тілдердің төрінен орын алады.Елбасымыз үш тілді білуді міндеттеген болатын. Болашақта бұл үлкен мәселе болмақ. Мен өзім ұлттық тілім әзірбайжан  тілін, қазақ, орыс, тілдерін еркін меңгергенмін. Алдағы уақытта ағылшын тіліне де қызығушылығым мен ынтам жоғары. Ағылышын тілін толық меңгеруім уақыттың еншісінде,ең бастысы үйренуге мақсат бар. Менің ойымша, егер адам өзге тілді білетін болса, ол рухани бай адам деп ойлаймын. Өйткені сол тіл арқылы басқа халықтың мәдениетін, дәстүрін үйренеді, басқа тілді үйрену арқылы танымы  кеңейеді. Сондықтан мен өз замандастарымды «өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деп, қазақ ақын Қ.Мырзалиев айтқандай, басқаұлт өкілі болсын, мейлі қазақ болсын ұлтқа бөлінбей бір қазақ елінде өмір сүргенсоң қазақ тілін  құрметтеуге шақырамын. Мен сөзімді қорытындылай келе әлемдегі ең бай, ең сұлу тілдердің бірі – қазақ тілі екенін айтқым келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру