Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары көлік терезесін қасақана бұзған бұзақыны ұстады

Еңбекшіқазақ ауданының тәртіп сақшылары терезені сындырған бұзақыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 наурызында Еңбекшіқазақ АПБ кезекші бөліміне 58 жастағы және 36 жастағы екі жергілікті тұрғын жазбаша арыздарымен жүгінген.Олар өздерінің арызында дүкенінің және дүкеннің жанында тұрған автокөліктің терезесін қасақана сындырған азаматшаға заңды шара қолдануды сұраған. Жалпы келтірілген материалдық шығын соммасы 50 мың теңге.
Полиция қызметкерлері тексеру барысында күдікті 1972 жылы туған азаматшаны анықтап, ұстады.

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабына сәйкес, яғни бұзақылық бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған адамның масаң күйде дүкенмен көліктің терезесін сындырғаны анықталды. Қазіргі таңда, ол өзгенің мүлкін қасақана бүлдіргенін мойындап отыр. Тергеу әлі жалғасуда. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты таратылмайды, – деді Еңбекшіқазақ ауданы Полиция бөлімі бастығы Талғат Сейлханов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру