Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам әлеуметтік желілер арқылы ұрланған мүлікті сатпақ болған 

Ер адам әлеуметтік желілер арқылы ұрланған мүлікті сатпақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz

3 сәуірде Абай ауданының ПБ Топар полиция бөліміне Топар кентінің 44 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Таңертең гаражды жинастырғаның айтты. Қажетсіз материалдар мен шүберектерді жинап, оларды қоқыс жәшігіне апару үшін өтініш беруші бірнеше минутқа шығып кеткен. Бұл жағдайда гараж қақпасын жаппаған. Осы уақыт белгісіз біреуге гаражға кіріп, бу үтігі мен шаңсорғышты ұрлап кету үшін жеткілікті болды. Шығын мөлшері 80 мың теңгені құрады.

Жәбірленуші оқиға орнынан қандай да бір күдікті адамды байқамады. Бірақ көп ұзамай қаскүнем өзі туралы білдірді.

Әлеуметтік желілерді бақылау барысында полицейлер бу үтігі және шаңсорғыш тауарларының суретін сатуға жариялаған автордың жарнамасын анықтады. Жәбірленуші суретте көрсетілген тұрмыстық техниканың дәл өзінен ұрланғанын сенімді түрде хабарлады.

Полиция қызметкерлерінің бірі өзін тауарды сатып алушы ретінде көрсетті. «Сатушы» кездесу орнын белгілеп, сол жерде ұсталды. Күдікті 41 жастағы ер адам болып шықты. Ол кінәсін толық мойындады. Ұрланған тұрмыстық техника жәбірленушіге қайтарылды.

ҚР ҚК 188 бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру